Луис Суарес «Барселона» тарихына кірді

Уругвайлық шабуылшы Луис Суарес Испания чемпионатының 20 — турында «Леганес» қақпасына гол соғып, команданың тарихына енді. Бұл 31 жастағы футболшының «Барселона» сапындағы 167 — голы болып, команда сұрмергендері арасында 5 — орынға көтерілді. Бұл барада Лионель Месси 567 голмен бірінші орынды иеленіп тұр. Ал, Суарес өткен ғасырдың 30 — 40 жылдарында доп тепкен Жозе Эсколаға […]

Шахматтан өткен Ел чемпионатында шымкенттік спортшы жүлдегер атанды

2019 жылдың 4 — 17 қаңтары аралығында Павлодар қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында классика, блиц жəне рапид түрінен Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарыста Шымкент қалалық Л.Тəжиева атындағы 4 — спорт мектебінің шахматшысы Бекмұхаммет Несіпбаев рапид түрінен 2 — орын ал, блиц түрінен 3 — орынды иеленіп жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Харри Кейн бір айға саптан шықты

Англия премьер лигасының 22 — турында «Манчестер Юнайтед» клубына қарсы ойында «Тоттенхэм Хотспур» командасының шабуылшысы Харри Кейн жарақат алған болатын. Медециналық тексеруден кейін футболшы тобығынан жарақат алғаны анықталып, бір ай жасыл алаңғп шыға алмайтыны белгілі болды, деп хабарлайды The Guardian. Осылайша Кейн 13 ақпан күні «Тоттенхэм — «Боруссия» (Дортмунд) командалары кездесуінде лондондықтар үшін көмек бере […]

Қытайлық шабуылшы желкесі сынған болса да екі гол соққан

БАƏде жалғасып жатқан Азия кубогында Қытай құрама командасы Қырғызстан құрамасын 2:1 есебімен жеңген болатын. Матчта қытайлықтар шабуылшысы У Лей жарақат алған. Ойыннан кейін медициналық сараптамада футболшының желкесі сынғаны белгілі болған. Бірақ, шабуылшы 2 — турда Филиппинге қарсы алаңға шығып (3:0) екі гол соққан, деп хабарлайды Sport China. Қазіргі уақытта футболшыны «Гуанчжоу Эвергранд» клубының басшылары жылдам […]

Зарина Диас Australian Open турнирінен шығып қалды

Теннистен жылдың алғашқы үлкен шлем турнирі Australian Open қазақстандық Зарина Диас үшін сəтсіз келді. Ол бірнеше минут бұрын сербиялық Александра Круничке қарсы кортқа шықты. Бірінші сетте отандасымыз 6:3 есебімен басым түсті. Кейін Крунич 7:5 есебімен таразы басын теңестіріп кетті. Бірақ, соңғы шешуші партияда Заринаның жолы болмады. Ол қатарынан өзінің доп ұзату гэймдерінде жеңіліп, турнирмен қош […]

Келесі «Эль Классиконың» уақыты белгілі болды

Испания примеросының 26 — турынан орын алған «Реал» — «Барселона» командаларының уақыты белгілі болды. Бұл жайында Испания Ла Лигасының президенті Хавьер Тебас мəлімет берді. Демек, 2 — айналымдағы «Эль Классико» 2 наурыз күні «Сантьяго Бернабеу» стадионында Астана уақытымен 23:45 де басталады. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы маусымда «Барселона» өз алаңында «Реалды» 5:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Түркістан облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Қырқбаев Полат Наурызбайұлы тағайындалды. Полат Наурызбайұлы 1961 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ химико-технология институты дене шынықтыру кафедрасында оқытушы болып бастаған. 1986-2015 жылдар аралығында «Қайрат» және Арыс ауданы балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушы-жаттықтырушы, облыстық […]

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open турниріндегі алғашқы ойынын чехиялық Барбора Стрыцоваға қарсы өткізді. Осы күнге дейін қос теннисші 3 — рет кездесіп, екі рет чехиялық теннисші жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы Юлия Путинцева қарқынды ойын көрсетті. Ол бірінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда Стыцова 3:1 есебімен алға шыққан болатын. Бірақ, отандасымыз оңай […]

Теннистен Australian Open турнирі басталды

Теннистен жылдың алғашқы үлкен шлем турнирі Australian Open баталды. Ерлер арасында əлемнің 2 — ракеткасы Рафаэль Надаль корт иелерінен бірі 237 — ракетка Жэймс Даквортқа қарсы ойын өткізді. Бірінші сетте Рафа 6:4 есебімен басым түсті. Кейін тағы ол қарсыласының доп ұзату гэймін жеңіп алып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Соңғы партияда Дакворт жанкүйерлердің алдында атақты қарсыласына […]

Орта Азия дербисінде 4 гол соғылды

Азия кубогының 3 — тур матчтарын «F» тобының құрама командалары аяқтап берді. Көпшілікті қызықтырған ойын Түркменстан мен Өзбекстан арасында өтті. Түркмендер 1 — турда жапондарға 2:3 есебімен жеңілген болатын. Ал, Эктор Купер басшылық жасап тұрған өзбекстандық футболшылар Оман құрама командасынан 2:1 есебімен басым түскен еді. Айтулы ойынның алғашқы таймы голдарға толы болды. 17 — минутта […]